Армения – Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы байланыстырушы көпір
Иранда өндірілген тауарларды көбірек таныстырып, Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге оңайырақ тасымалдау үшін Арменияда Иран мен Еуразия сауда орталығы құрылады.
Армения Сауда палатасының басшысы Мартин Саргсиян кеше сәрсенбі күні Теһранда Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасының басшысы Ғоламхосейн Шафеимен кездесуінде: «Ирандық компаниялар өндіріс линияларының бір бөлігін Арменияға көшіру арқылы кедендік шығынсыз өз өнімдерін Еуразия нарығына экспорттай алады»,- деді.
Иран Еуразия экономикалық одағына қосылған маңызды оқиғадан бергі бір айда екі және көпжақты экономикалық серіктестіктер үшін Иран мен одаққа мүше елдер арасында жаңа мүмкіндіктер пайда болды.
Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер ие ортақтастықтар, бәрінен маңыздысы жақын географиялық жағдай екі тарап та бір-бірінің серіктестігімен "Солтүстік-оңтүстік" дәлізіне қосылуы үшін осы елдерге аймақтық жаңа нарық қалыптастырды.
ИИР мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге ағымдағы жылдың мамыр айының он жетісі күні Қазақстанның астанасында қол қойылған болатын.
Еуразия экономикалық одағына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения мен Беларусь елдері кіреді. Қол қойылған келісім аясында Иранның осы елдерге экспорттық 502 тауары жеңілдік тарифке ие болды.
ИИР-ның аталмыш одаққа қосылуы ирандық бизнесмендерге одаққа мүше бес елмен экономикалық байланысты дамыту үшін жақсы мүмкіндік қалыптастырып, жаңа нарықты ашты.
Жаңа мүмкіндік ирандық бизнесмендерге Еуразия экономикалық одағы нарығында құзырға ие болумен қатар одаққа мүше бес елмен байланыстың арқасында тағы басқа жаңа нарықтарға енуге мүмкіндік береді.
Осындай жағдайда Иран мен Еуразияның Арменияда сауда орталығын құруы өте маңызды. Себебі екі елдің жақсы байланысы мен Армениядан экспортталатын ирандық тауарлардың кеден шығынынан босатылуы ирандық тауарлардың Еуразия экономикалық одағына тасымалдану үдерісін жеңілдетеді.
Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің 180 млн адамдық нарығының Иранның 83 млн нарығымен байланысуы ирандық тауарларды жаңа нарықтарға жіберу үшін, сонымен қатар одаққа мүше бес елдің Иран арқылы Парсы Шығанағы мен Оман теңізіндегі оңтүстік нарықтармен байланысуы маңызды оқиға болмақ.
Армения Иранның жаңа экономикалық нарықтарға енуі үшін дарбаза болса, Иран да Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің басқа экономикалық аймақтарға енетін дарбазасы. Басқаша айтқанда Иран мен Армения – «Солтүстік-оңтүстік» дәлізіндегі байланыстырушы көпір.