Франция мен Түркия арасында НАТО-ға қатысты саяси тартыс күшейді
(last modified Sat, 30 Nov 2019 10:45:28 GMT )
Қар 30, 2019 16:45 Asia/Almaty
  • Франция мен Түркия арасында НАТО-ға қатысты саяси тартыс күшейді

Франция президенті Эммануель Макронның НАТО-ның іскерсіздігі мен осы әскери ұйымды «ми талмасының» жағдайымен салыстырған жуырдағы сөздері НАТО-ға мүше елдердің, әсіресе Түркияның қарсы реакциясына ұшырап, Париж бен Анкара арасында саяси кикілжіңнің орнауына себеп болды.

Франция мен Түркия арасындағы кикілжіңдер алдағы аптада Британияда өтетін НАТО басшыларының саммиты аясында өрши түсті. Макрон ағымдағы жылдың қазан айында Американың НАТО-дағы міндетіне беріктігі мен еуропалық елдердің осы елге сүйену мүмкіндігіне шәк келтіріп: «Бұл ұйым «ми талмасына» душар болды», - деген болатын.

Франция президенті Түркияның Сирияның солтүстігіндегі операцияларына сілтеме жасап: «Америка мен НАТО-ға мүше елдердің арасында стратегиялық шешімдерге қатысты ешқандай үйлесімділік жоқ. Біз НАТО-ның бір мүшесі, яғни Түркияның аймаққа үйлесімсіз жасаған, ол жердегі біздің мүддемізге қатер төндірген басқыншылық әрекетіне куә болып отырмыз», - деп баса айтты.

Макронның теріс ұстаным білдіруі Вашингтон мен Анкараның ашуына себеп болды. Әсіресе көптеген сарапшылар Түркияның күрд қарулы жасақтарымен күресу және қауіпсіз аймақ орнату үшін Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылы Америка президенті Дональд Трамптың рұқсатымен жүзеге асырылды деп санайды.

Франциялықтар "НАТО мүшелері Түркия Сириядағы әскери орналасуының мақсаттары туралы айқын жауап береді деп күтеді", - деді.

Түркия Макронның сөзіне жылдам реакция білдірмегенімен қазір Анкара бұл салада қатты ұстаным білдіріп жатыр.

Ердоған қарашаның 29 күні сөйлеген сөзінде Макронның НАТО туралы сөзін бұрыс, үстірт түсінікпен айтылды деп сараптап, Макронға: «Сіз өзіңіз ми талмасына ұшырадыңыз ба, жоқ па, көруіңіз керек», - деді.  

Ердоғанның жөнсіз ұстаным білдіруі Францияның ашуын тудырды. Франциялық қайраткерлердің бірі:  «Түркия президентінің жуырдағы артық айтқаны сөз емес, тіл тигізу. Біз Ердоғанның бұл туралы түсінік беруін күтеміз», - деді. Франция СІМ де мәлімдемеде Түркия елшісі Исмаил Хаки Мусаны Түркия басшыларының қабылдауға келмейтін сөзі туралы түсінік беруі үшін шақырғанын айтты. Алайда Ердоғанның сөзін Америка жақсы қабылдады.

Лондонда өтетін НАТО басшыларының саммиты ұйым мүшелері үшін бірліктің нышаны болмақ еді. Алайда НАТО-ның маңызды екі мүшесі Париж бен Анкара арасында шиеленістің артуы ұйым мүшелері арасындағы алауыздыққа соқтырды.  

Дегенмен Вашингтон Франция мен Түркия арасындағы кикілжіңді НАТО-ға қатысты өз мақсаттары бағытында барынша пайдалануға күш салады. Әсіресе Трамп Францияның еуропалық органдар мен тәуелсіз қорғаныс құрылымдарын қалыптастырып, күшейтудегі қатынасына наразы болғандықтан Макронның бұл әрекетін сан рет сынады.  

 

 

 

Тегтер