Лондонда Трампқа қарсы митинг өтті
(last modified Wed, 04 Dec 2019 09:36:34 GMT )
Жел 04, 2019 15:36 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Дональд Трамп НАТО-ға мүше елдер басшыларының саммитіне қатысу үшін Лондонға барғанда қала халқы оған қарсы митингке шықты.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша жүздеген адам қолдарына «Трамп та жоқ, соғыс та жоқ» деп жазылған плакаттарды ұстап тұрды. Шерушілер сондай-ақ қолдарына Палестина туы мен осы елді қолдайтын плакаттар алып шықты. Кейбір наразылар плакаттарында Трампты нәсілшіл деп атады.

НАТО-ға мүше 29 ел басшыларының саммиті кеше Лондонда басталып, екі күн жалғасады.

 

 

Тегтер