НАТО басшылары Ресейге қарсы ұстаным білдірді
Солтүстік Атлантика Одағы Ұйымының (НАТО) басшылары осы ұйымның Бас хатшысының ұстанымына әшкере қарсылық білдіріп, Ресейді өз қауіпсіздіктері үшін қатер деп атады.
Рейтер хабар агенттігінің мәліметі бойынша НАТО басшылары сәрсенбі күні Лондон саммитының соңында мәлімдеме жариялап, Ресейдің әрекеттерін НАТО мүшелерінің қауіпсіздігіне төнген қатер деп атады.
Бұдан бір сағат бұрын НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейді осы әскери коалицияның ең үлкен көршісі деп атап, НАТО- ның Ресеймен қарым қатынасын жақсартуы қажеттігін қуаттаған болатын.
НАТО басшылары Лондон саммитының соңында Қытайдың күннен күнге дамып келе жатқанын да осы коалиция үшін мұрсаттар мен түйткілдердің қатарында атады.
НАТО басшылары сонымен қатар Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы «Транс Атлантик» деп аталатын қорғаныс келісіміндегі міндеттемелерді қуаттап, соған сәйкес бір мүшеге шабуыл жасауды барлық мүше елге шабуыл жасаумен теңестірді.