Еуропа АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты зорлығына көнді
(last modified Fri, 06 Dec 2019 14:49:22 GMT )
Жел 06, 2019 20:49 Asia/Almaty
  • Еуропа АҚШ-тың

Иран Сыртқы істер министрі Еуропа үштігінің Иранның зымырандары туралы уәждеріне реакциясында: "Егер Еуропаның үш елі аз да болса халықаралық беделін сақтағысы келсе, АҚШ-тың зорлығына көнудің орнына өздерінің тәуелсіз құқығын қолдануы керек",-деді.

Ұлыбритания, Франция мен Германия сәрсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке хат жазып, өзінің жаңа бір есебінде Иранның кейбір зымырандарын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына сәйкес келмейді деп жариялауды сұрады.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Үш еуропалық елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне зымырандар туралы хаты – олардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін минималды деңгейде орындауға дәрменсіз болып отырғанын жасыру үшін айтқан өтірігі",-деп жазды.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына мүше еуропалық үш елдің БҰҰ Бас хатшысына хаты АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранды АҚШ пен Еуропаның ортақ түйткілі деп атағаннан кейін жазылды.

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу арқылы еуропалық елдерге қысым жасап, еуропалық үштікті міндеттемелерін орындауға берік болдырмау арқылы осы ядролық келісімді маңызды емес деп көрсетуге талпынды.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына мүше еуропалық үш елдің Иранның осы бағдарлама аясындағы міндеттемелерін қысқарту қадамдарын жалғастырған жағдайда "санкцияларды қайтару" механизмін қолдану туралы ескертуі және енді олардың Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы ұстаным білдіруі еуропалық елдердің АҚШ-тың зорлығы алдында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қорғауға ерік-жігерінің жетпейтінін және өзінің тәуелсіз құқығын қолдана алмайтынын көрсетті.

№2231 қарар – "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негізі. Бұл қарар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бекітілу арқылы іс жүзінде Иранға қарсы бұрынғы 6 қарар, соның ішінде Иранның зымырандары туралы №1929 қарардың күшін жойды.  Енді №2231 қарар әлемдік деңгейде беделді. Бұл қарардың Иранның зымырандарына ешқандай қатысы жоқ, өйткені Иран жалпы баллистикалық зымыран жасамайды.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын құтқару еуропалықтардың осы көпжақты келісімдегі міндеттемелерін іс жүзінде орындауына байланысты болып отырған жағдайда Еуропаның жанама мәселелер шығарып, Иранның зымырандық мәселесін көтеруі еуропалық тараптың дәрменсіздігін жасыратынын көрсетеді.