Ирандық ғалым АҚШ түрмесінен босатылды
(last modified Sun, 08 Dec 2019 06:40:50 GMT )
Жел 08, 2019 12:40 Asia/Almaty
  • Ирандық ғалым АҚШ түрмесінен босатылды

АҚШ-та заңсыз қамауға алынып, бір жылдан аса тұтқында болған ирандық ғалым Масуд Солеймани босатылып, ирандық дипломаттарға табысталды.


 

ИИР СІМ-нің талпыныстары, қауіпсіздік және сот органдарының әріптестігінің арқасында АҚШ-тың заңсыз санкцияларын айналып өтті деген айыппен қамауға алынып, бір жылдан аса АҚШ түрмесінде болған ирандық ұстаз Масуд Солеймани босатылды.

Солеймани бірнеше сағаттан кейін ИИР-yа қайтып оралады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Масуд Солейманиді азат ету үдерісін бақылау үшін Цюрихке барғаан болатын.

Теһранның "Тәрбиат-е Модаррес" педагогикалық университетінің ұстазы әрі діңгекті жасушалар саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі Масуд Солеймани бір жылдан аса уақыт бойы АҚШ түрмесінде заңсыз қамауда болды.

Сондай-ақ, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бекітуі, қауіпсіздік және сот органдарының әріптестігі және келісімімен Иранда тыңшылық айыбымен жазасын өтеп жатқан АҚШ азаматы Сюэ Ван ислам рақымшылығымен босатылып, АҚШ-қа қайтуы үшін швейцариялық дипломаттарға тапсырылды.