Ресейге халықаралық спорт жарыстарына қатысуға тыйым салынды
(last modified Tue, 10 Dec 2019 15:45:46 GMT )
Жел 10, 2019 21:45 Asia/Almaty
  • Ресейге халықаралық спорт жарыстарына қатысуға тыйым салынды

Батыс Украина дағдарысынан кейін Ресейге қарсы санкциялар салумен қатар саяси-экономикалық және мәдени салаларда әртүрлі қысымдарды күшейтті. Енді ресейлік спортшылардың допингін сылтауратып, Ресейге халықаралық маңызды жарыстарға қатысуға тыйым салынды.

Бүкіләлемдік антидопингтік агенттік (WADA) Ресейді халықаралық маңызды жарыстарға, соның ішінде Олимпиадаға қатысудан 4 жылға шеттетті. Бұл әлемдік спорт тарихындағы Бүкіләлемдік антидопингтік агенттігінің бір елге қарсы қолданған ең ауыр жазасы. Осы шешім бойынша, ресейлік спортшылар Токиода өтетін жазғы Олимпида-2020, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада-2022 және Қатарда өтетін Әлемдік футбол чемпионаты-2022 қатыспайды. Сондай-ақ WADA Ресейге Олимпиада және басқа халықаралық спорт жарыстарын өткізуге тыйым салды. WADA-ның атқарушы комитетінің баспасөз хатшысы Джеймс  Фитцджеральд кеше 9 желтоқсанда: "Бұл шешім Ресейдің Агенттікке 2019 жылдың басында тапсырған мәліметтердің өзгертілгені әшкереленген соң қабылданды",- деді. Ресейдің спорт арбитраждық сотына шағым түсіру ықтималы бар. Сондықтан бұл шағым қарастырылмай тұрып WADA-ның шешімі іске асырылмайды. Қайта қарау және бейімдеу комитеті WADA-ның атқарушы комитетіне 4 жыл бойы ресейлік спортшыларға Олимпиада және басқа халықаралық жарыстарда Ресей туы астында қатысуға тыйым салуды ұсынды. WADA-ның бұл шешіміне сәйкес ресейлік спортшылар Олимпиадаға ақ тудың астында қатыса алады. Бұл негізінде салынған тыйымнан да ауыр жаза, өйткені егер ресейлік спортшылар медаль иеленесе, олар Ресейдің медалі немесе бұл елдің ұпайы саналмайды. Бұл шешімнің де Ресейге қысым көрсету үшін жасалғаны анық.

Олимпиадалық ойындардың жаһандық маңыздылығы мен  әлем халықтарының жарыстарға ерекше назар аударатынын ескере отырып, Ресейді маңызды спорт жарыстарына,  әсіресе Әлемдік футбол чемпионатына қатыстырмау бұл елдің халықаралық жағдайы мен беделіне жасалатын айтарлықтай соққы болып табылады. Батыстықтар спорт пен   спорт  жарыстарын  өздерінің саяси мақсаттары  үшін пайдалану бойынша ұзақ тарихқа ие. 1980 жылы АҚШ  Кеңес Одағының Ауғанстанға шабуылын сылтауратып, Мәскеу Олимпиадасына қатыспады. Сондай-ақ, АҚШ-тың Батыс Германия мен Жапония сынды одақтастары да Олимпиада-80 бармады. Қазіргі кезде батыстықтардың Ресейді Олимпиада мен басқа маңызды спорт жарыстарына қатыстырмауының сылтауы ресейлік спортшылардың допинг қолдануында. Батыстың кейбір Италия сынды мемлекеттері спортшыларының допинг қолдануы анықталғанымен  оларға Ресейге қарсы қолданылып отырғандай жаза қолданылған жоқ.