Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы серіктестігі екіжақты байланыстың артуына көмектеседі
Иран Телерадио бірлестігі шетелдік торабының басшысы Пейман Джебели Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы ынтымақтастықтарыны арттыру Теһран мен Мәскеу байланыстарының тереңдей түсуіне көмектесетінін айтты.
Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы серіктестіктері комитетінің отырысына қатысу үшін Иранның БАҚ делегациясымен бірге Мәскеуге келген Пейман Джебели Иран мен Ресей ақпарат құралдары таныстығының екі ел басшылары мен халықтары арасындағы байланыстардың артуы мен тереңдей түсуіне ұластыратынын айтты.
Джебели сонымен қатар Иран мен Ресей БАҚ-ның екіжақты ынтымақтастықтарды арттыру үшін ерік-жігерге ие екенін айтып: «Иран Телерадио бірлестігінің шетелдік торабы Ресей ақпарат құралдарымен көп уақыттан бері байланыста. Екі жақ ортақ бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр», - деді.