«Ортақ қадамға» қатысты Еуропаның қауқарсыздығының шыңында Британия өз жаласын өзгеге жапты
(last modified Thu, 19 Dec 2019 10:52:27 GMT )
Жел 19, 2019 16:52 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадамға» қатысты Еуропаның қауқарсыздығының шыңында Британия өз жаласын өзгеге жапты

Британия СІМ-нің Иранның «Ортақ қадамдағы» міндеттерін азайту қадамдарына қатысты ұстанымы еуропалықтардың аталмыш келісім шеңберіндегі міндеттерін жүзеге асыру үшін шынайы ерік-жігерден кенделігін көрсетеді.

Британия СІМ Доминик Рааб сейсенбі күні Иранның «Ортақ қадамдағы» міндеттерін азайтудағы қадамдарын келісімде қалған елдер үшін қатер деп атап, Иранның осы әрекетімен күресуді сұрады.

Біріншіден, Британия СІМ-нің еліндегі сайлаулардан кейінгі ұстанымы Британияның жаңа қатынасының белгісі. Яғни,  BREXIT-тің жүзеге асуымен осы ел Америкаға «Ортақ қадам» мәселесінде бұрынғыдан бетер жақтасатын болады.

Екіншіден, Доминик Раабтың Иранның «Ортақ қадамдағы» міндеттерін азайту саясатына қатысты ұстаным білдіруі Британия мен Еуропаның бұрынғыдан бетер сылбырлығын көрсетеді. Себебі Иран бір жылғы «стратегиялық сабырдан» кейін осы саясатты ұстанды.

Иран Үкіметі міндеттерін Америка «Ортақ қадамнан» шығып, еуропалық елдер міндеттерін орындамағаннан кейін осы келісімдегі №26, №36 баптарына сәйкес көпжақты келісімде теңгерім орнату мақсатында азайтты.

Басқаша айтқанда, өз міндеттерін орындамаған алдымен Америка, кейін Еуропа. Енді Иран да «Ортақ қадам» келісімін сақтау үшін міндеттерін азайтуды күн тәртібіне қойды.  

Осы салада Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сәрсенбі күні кешке IRAN Press агенттігіне берген сұхбатта: «Иран «Ортақ қадам» келісімін сақтап, міндеттер теңесу үшін өзінің бейбіт мақсатты ядролық міндеттерін әртүрлі қадамда азайтуды бастады», - деді.

Иран осы уақытқа дейін келісімдегі міндеттерін азайту бойынша төрт қадам жасады. Дегенмен Еуропа елдеріне «Ортақ қадамдағы» міндеттерін орындаса, Иранның жасаған қадамдары кейін қайтатынын мәлімдеді.

Көпжақты келісім оның барлық тарабы өз міндеттерін орындаған жағдайда ғана қорғауға лайық. Бірақ қазір «Ортақ қадам» уәде бұзушылықтан туған дағдарыс пен Еуропа елдерінің қауқарсыздығымен бетпе-бет келіп отыр.

Осындай жағдайда «Ортақ қадамның» бір тарабы Еуропа елдері, соның ішінде Британия келісімде көрсетілген міндеттерін орындаудың орнына Иранның заңды әрекетін келісімнің басқа мүшелері үшін қатер деп атап отыр. Бұл келісім тек еуропалықтардың шынайы ерік-жігері мен әрекеттерінің арқасында ғана қазіргі тығырықтан шығады.

 

Тегтер