Трамп Пелосиге импичмент жариялауды сұрады
(last modified Sat, 21 Dec 2019 13:36:59 GMT )
Жел 21, 2019 19:36 Asia/Almaty
  • Трамп Пелосиге импичмент жариялауды сұрады

Америка президенті Дональд Трамп Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелосиді Сенатпен мәміле жасамақ деп айыптап, оған импичмент жариялауды сұрады.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Трамп сенбі күні таңертең Твиттердеге парақшасында: "Нэнси Пелоси Сенатпен мәміле жасамақ. Неге оған импичмент жарияламаймыз?" - деп жазды. 

Америка Конгресінің Өкілдер палатасы сәрсенбі күнгі тарихи дауыс беруде осы елдің президенті Дональд Трампқа импичмент жариялайтын резолюцияны бекітті. 

Америка Конгресінің Өкілдер палатасы  "Билікті асыра пайдаланды" деген айыпқа негізделген Трамптың импичментінің бірінші бабын 230 оң, 197 қарсы дауыспен, "Конгрестің зерттеу жұммыстарына кедергі жасады" деген екінші бабын  229 оң, 198 қарсы дауыспен бекітті

Трампқа импичмент жариялау туралы резолюция толық бектіліп, сот отырысын өткізу үшін Сенатқа жіберіледі. Трамптың импичментін Сенатта қарастыру ісі  2020 жылдың қаңтар айында өтеді.