АҚХА Иранның ядролық жұмыстарына бейтарап қатынас көрсетеді
АҚХА БҰҰ-ның ядролық жұмыстар мен нысандарды бақылауға арналған органы ретінде мүше елдердің ядролық шараларын кепілдендіруде және ядролық технологияны бейбіт мақсатта қолдануды насихаттауда өте маңызды рөлге ие.
АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси бір сұхбатында халықаралық бақылау ұйымының қатынасы туралы: "Бұл ұйым Иранның ядролық жұмыстарын бақылауда ынсапты, бейтарап және кесімді қатынас көрсетеді",-деді. Гросси жексенбі күні Аустрияның "Штандарт" газетіне берген сұхбатында: "Біз өз миссиямызды бейтарап атқаруымыз керек. Бұл ұйым Иранмен келіссөз жүргізіп жатыр. Өйткені тексеріс үдерісі ең жақсы жағдайда диалогпен қатар жүруі керек",-деді. Ол "Иранға қатысты қандай қатынас ұстанасыз?" деген сауалға жауабында агенттік есептерінің маңыздылығына тоқталып: "Ынсапты болуым керек дегенімде арнайы саяси ұстынымым немесе бағдарламам жоқ екенін айтқым келді. Мен бейтарап әрі жеке төрелік жасамауым керек",-деді.
Гроссидің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бейтарап ұстаным қажеттігін қуаттауы оның басқаруы кезінде агенттіктің батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың ықпалына түсіп, ықтималды бағыт алуы туралы кейбір алаңдаушылықтарға байланысты айтылды. Гроссидің жаңа қызметіне байланысты оның ең маңызды жұмыс тақырыптарының бірі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен оның болашағы болуы ықтимал. ИИР агенттікке мүше елдердің, соның ішінде Иранның ядролық жұмыстарына бейтарап әрі ынсапты қатынас көрсету қажеттігін талай рет айтқан болатын. Гросси де өзінің соңғы сұхбатында осы жайтты атап өтті.
Осылайша АҚХА жаңа Бас директоры әсіресе АҚШ тарапынан қысым мен ықпалға түспей, Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты шараларына әділ, ынсапты әрі бейтарап ұстаным көрсететініне үміт бар. 2010-2013 жылдары АҚХА-ның сол кездегі бас директоры Юкия Аманоның саяси істер жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған Гроссидің Иранға қатысты ұстанымы қатаң болғанын ескеріп, Теһран Гроссидің басшы ретінде таңдалуына қатысты өз алаңдаушылығын ашық жеткізді.
АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты әділетсіз ұстанымы «4+1» тобының шығыс блогы, әсіресе Ресейдің теріс реакциясына ұшырады. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жексенбі күні берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы екіжүзді қатынасы мен Вашингтонның Теһранға қойған талаптарын масқара деп атап: "Вашингтон Иранға көрсетіп отырған қатынас тәсілін жалғастыра алмайды, өйткені ол БҰҰ Жарғысын әшкере бұзып, Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын орындаудан бас тартып қана қоймай, Иранға дөрекі талаптар да қойып отыр",-деді.