Ресейде ұлттық ғаламтор сынақтан өтті
https://itolqyn.com/news/world-i44800-Ресейде_ұлттық_ғаламтор_сынақтан_өтті
Ресейдің Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі бұл елде ұлттық ғаламтор жобасының сынақтан өтуін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 24, 2019 20:05 Asia/Almaty
  • Ресейде ұлттық ғаламтор сынақтан өтті

Ресейдің Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі бұл елде ұлттық ғаламтор жобасының сынақтан өтуін хабарлады.

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресейдің Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Алексей Соколов дүйсенбі күні кешке: "Әлемдік ғаламтор істен шыққан жағдайда ұлттық ғаламтор қызметі мен  оның жұмыс істеу қабілетін зерттеу үшін бірқатар сынақ өткізілді. Бұл сынаққа үкіметтік ұйымдар мен қауіпсіздік қызметтер, телекоммуникация операторлары және электрондық пошта қызметін жеткізушілер қатысты, қарапайым пайдаланушылар қатысқан жоқ",- деді.

Ресей Думасының депутаттары өткен наурыз айында киберлік шабуыл немесе басқа қастық әрекеттердің салдарынан әлемдік ғаламтор арнасы істен шыққан жағдайда пайдаланушылардың ұлттық ғаламтор арнасына қолжетімділігін қамтамасыз ететін жоба бекітті.