БҰҰ: Саудиялықтардың Йеменге шабуылы халықаралық заңдарды әшкере бұзу
https://itolqyn.com/news/world-i44824
БҰҰ жауапты тұлғаларының бірі Lise Grande Сауд Арабиясы басқыншы коалициясының Йеменнің Сааде облысындағы базарға жасаған шабуылында он сегіз адамның өлімі мен қаншама адамның жаралануына соқтырған шабуылын халықаралық заңдарды әшкере бұзу деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 26, 2019 21:15 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Саудиялықтардың Йеменге шабуылы халықаралық заңдарды әшкере бұзу

БҰҰ жауапты тұлғаларының бірі Lise Grande Сауд Арабиясы басқыншы коалициясының Йеменнің Сааде облысындағы базарға жасаған шабуылында он сегіз адамның өлімі мен қаншама адамның жаралануына соқтырған шабуылын халықаралық заңдарды әшкере бұзу деп атады.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша БҰҰ гуманитарлық істер бойынша үйлестірушісі Lise Grande мәлімдемеде: «Біз шабуылда қайтыс болғандар мен жараланғандардың отбасыларына қатты қайғырып көңіл айтамыз. Йеменге жасалған осы шабуыл мен басқа шабуылдардың қылмыскерлерінің сотталуын сұраймыз», - деді.
Саудиялық шапқыншылар Йеменнің Сааде облысындағы Манба ауданындағы әл-Рақу базарына сейсенбі күні түнде шабуыл жасады. Соның салдарынан әскери емес он сегіз адам, соның ішінде эфиопиялық он екі мигрант қаза тауып, басқа он екі адам жараланды.