Иран мен Қытай және Ресейдің үшжақты жаттығуы әлемдік жолдауға ие
Иран, Ресей мен Қытайдың үшжақты алғашқы теңіз жаттығуы Үнді мұхиты мен Оман теңізіндегі халықаралық сауда қауіпсіздігін нығайту және арттыру мақсатында өткізіледі.
Иран Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы Абул Фазл Шекарчи кеше бейсенбі күні Иран мен Ресей және Қытайдың ортақ жаттығуы өте маңызды екенін айтып: «Үнді мұхиты мен Оман теңізі әлемдік сауданың маңызды аймақтары саналады. Бұл аймақтардан көптеген елдердің кемелері өтеді. Сол себепті аталмыш аймақта қауіпсіздік орнату өзекті», - деді.
Иран теңіз қауіпсіздігін әрдайым басты назарда ұстайды. Сондықтан Иран армиясы теңіз күштерінің флотилиялары теңіздің әртүрлі аймағында әсерлі құзырға ие.
Иран армиясы теңіз күштерінің халықаралық теңіз суларына аттандырылған флотилиялары миссияларының негізгі мақсаты – лаңкестік және теңіз қарақшыларымен күрес әрі халықаралық су жолдары арқылы халықаралық сауда үшін теңіз қауіпсіздігін орнату.
Үнді мұхитының солтүстігі мен Оман теңізі халықаралық теңіз саудасындағы маңызды аймақтардың қатарында. Осы аймақтардың тұрақты қауіпсіздікке ие болуына мемлекеттер үнемі назар аударып келеді.
Иран мен Ресей және Қытай алдағы күндері ортақ теңіз жаттығуын «теңіз қауіпсіздігі» және «теңізде көмек жеткізу» деген екі маңызды жұмыспен бастайды.
Үш елдің теңіз саласында ортақ тәжірибелері бар. Ортақ жаттығу өткізіп, тәжірибелермен бөлісу арқылы Үнді мұхитының солтүстігі мен Оман теңізі стратегиялық аймағында ұжымдық теңіз қауіпсіздігін бұрынғыдан көбірек кепілдендіре түседі.
Халықаралық сауда мен энергетиканың маңызды күре тамыры саналатын Үнді мұхиты мен Оман теңізі стратегиялық аймағынан кемелердің көп өтуі қауіпсіздік мәселесіне көңіл бөлу деген міндетті арттыра түседі.
Осы мақсатта Иран мен Ресей және Қытайдың ортақ жаттығу өткізуінің аймақтық және халықаралық аспектілердегі мағынасы зор.
Ортақ жаттығудың алғашқы жолдауы мынадай: аймақ елдері теңіз саудасының негізгі күрежолдарында қауіпсіздік орнатудағы негізгі факторлар. Аймақтан тыс елдердің құзыры бұл маңызды іске көмектесе алмайды.
Үшжақты жаттығулардың келесі жолдауы саяси: үш елдің әртүрлі салалардағы, соның ішінде теңіз, әскери және жәрдем салаларындағы стратегиялық серіктестіктерінің белгісі.
Мұнымен қатар Ресей – Иранның саяси және аймақтағы әскери ынтымақтастықтардағы стратегиялық серіктесі. Қытай Иран мұнайының ең үлкен сатып алушысы. Қорыта айтқанда, үш елдің ортақ теңіз жаттығуын өткізудегі серіктестігі басқа мемлекеттер үшін жолдауға ие.
Түркияның Анадолу хабар агенттігі Үнді мұхиты мен Оман теңізінде Иран мен Ресей және Қытайдың ортақ теңіз жаттығуы туралы геополитикалық және халықаралық байланыстар саласының сарапшыларының сөздеріне сілтеме жасап: «Бұл жаттығу – шын мәнінде Американың алдында күш көрсету», - деп жазды.