Иран, Ресей және Қытайдың бірлескен жаттығуы – қауіпсіздік саласындағы тиімді үлгі
Иран, Ресей және Қытайдың стратегиялық маңызды Үнді мұхитының солтүстігі мен Оман теңізі аймағындағы бірлескен әскери жаттығуы – трансаймақтық елдердің қатысуынсыз аймақ ынтымақтастықтарының бір түрі.
Бүгін жұма күні Үнді мұхитының солтүстігі мен Оман теңізі аймағында басталған Иран, Ресей және Қытайдың 4 күндік бірлескен әскери жаттығуы мәселелерді шешу саласындағы аймақтық тиімді үлгі саналады. Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы халықаралық су жолдарындағы кеме қатынасы мен еркін сауданы қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды сол аймақтағы елдердің серіктестігімен жүзеге асыруға болады. Ал трансаймақтық елдердің араласуы шиеленіс туғызудан басқа нәтиже бермейді. Аймақ қауіпсіздігі әрқашан елдер үшін алаңдаушылық тудыратын мәселе болды. Бұл салада халықаралық саудадағы рөлі мен әлемдік энергетикалық су жолдарына байланысты Оман теңізі, Парсы шығанағы мен Үнді мұхитының солтүстігі аймағының тұрақты теңіз қауіпсіздігінің маңызы артып келеді. Иран, Ресей және Қытай бірлескен әскери жаттығулары сынды аймақтық ынтымақтастық моделін пайдалану Оман теңізі, Парсы шығанағы және Үнді мұхитының стратегиялық аймағында тұрақты теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді үлгісі болып табылады. Ортақ проблемалар мен экономикалық және саяси мүдделер, сондай-ақ тиімді аймақтық ерекшеліктермен танысу және ортаны жақсы түсіну аймақтағы тұрақты қауіпсіздікке қол жеткізу саласындағы Иран, Ресей және Қытай бірлескен әскери-теңіз жаттығулары жолдауының маңызғын арттырды. Ірі халықаралық су жолдарындағы лаңкестік пен теңіз қарақшылығы немесе отын контрабандасы халықаралық теңіз саудасы мен еркін энергия жолындағы елдердің ортақ мәселесі. ИИР, Ресей және Қытай үш күшті мемлекет ретінде біржақты көзқарасқа қарсы. Олар тұрақты қауіпсіздіктің жүзеге асырылуын аймақтық ынтымақтастық мәселесі санап, осы тұрғыда әскери-теңіз жаттығуларын өткізуде. Осыған байланысты бейсенбі күні Қытайдың Global Times газеті: «Оман теңізі мен Үнді мұхитының солтүстігіндегі Иран-Қытай-Ресей бірлескен әскери жаттығуы АҚШ-тың жаһандық мәселелерге байланысты біржақты ұстанымына жасалған ескерту»,- деп жазды. Оман теңізі мен Солтүстік Үнді мұхитындағы Иран, Ресей және Қытай әскери-теңіз жаттығуларының негізгі шеңбері мен мақсаты біржақтылыққа «жоқ» деген жауап қайтарsg6 әлемге бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы хабарды жеткізу.