Ресей Американың араласушылық әрекеттерін сынады
https://itolqyn.com/news/world-i44854-Ресей_Американың_араласушылық_әрекеттерін_сынады
Ресей СІМ ақпарат хатшысы Американың халықаралық маңызды келісімдерден шыққанына сілтеме жасап, Nord Stream 2 құбыр жолының Америкаға еш қатысы жоқ екенін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 29, 2019 14:27 Asia/Almaty
  • Ресей Американың араласушылық әрекеттерін сынады

Ресей СІМ ақпарат хатшысы Американың халықаралық маңызды келісімдерден шыққанына сілтеме жасап, Nord Stream 2 құбыр жолының Америкаға еш қатысы жоқ екенін қуаттады.

Новости хабар агенттігінің хабарлауы бойынша Мария Захарова "Россия сегодня 24" телеарнасына берген сұхбатта: "Егер Nord Stream 2 құбыр жолы Американың аумағынан өткенде Американың сөзін түсінуге болатын еді. Алайда бұл жоба толығымен еуропалық тақырып. Америкаға қатысы жоқ. Аталмыш жоба қаржылай және географиялық тұрғыдан қатысты елдерге ғана қатысты", - деді. 

Америка Nord Stream 2 құбыр жолы жобасымен қатысты компанияларға санкция салуға шешім қабылдады.

Вашингтонның жуырдағы шешімінен кейін америкалық және германиялық басшылар арасында қатты дау басталды. Бұл газ құбыр жолы еуропалық елдердің, әсіресе Германияның қажеттіліктерінің үлкен бөлігін қамтамасыз етеді.