Иран мен Ресей АҚШ пен Еуроодақтың «Ортақ қадамға» байланысты жұмысын сынады
(last modified Tue, 31 Dec 2019 14:07:51 GMT )
Жел 31, 2019 20:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей АҚШ пен Еуроодақтың «Ортақ қадамға» байланысты жұмысын сынады

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты әрекетін халықаралық негіз бен заңдарға қайшы деп атап, Еуропаның өз міндеттемелерін іс жүзінде іске асыру қажеттігін қуаттады.

 

Мұхамад Джавад Зариф дүйсенбі күні Мәскеуде Сергей Лавровпен бірге өткізген баспасөз отырысында: «Еуропалық мемлекеттер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын саяси тұрғыдан қолдағанымен,  іс жүзінде АҚШ-тың санкцияларымен қарсыласу және келісімдегі өз міндеттемелерін орындау үшін әрекет жасаған жоқ»,- деді. Зариф сондай-ақ Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибтің жағдайын алаңдатарлық деп: «Идлибте тыныштық орнатып, Сириядағы лаңкестерді жою үшін ынтымақтастықты жалғастыру қажет. Бұл салада Иран Ресей және Түркиямен ынтымақтастық жасайды»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрі де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары негізінде бекітілгенін, сондықтан оның іске асырылу қажеттігін қуаттап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы АҚШ-тың одан шығуы және Еуроодақтың белсенділігінің жеткіліксіздігі қатерімен бетпе-бет келуде»,- деді.