Қаң 02, 2020 21:41 Asia/Almaty
  • Ресей Солтүстік Кореяға АҚШ-тың

АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде Солтүстік Кореяға қатысты қоқан-лоққы мен келіссөз саясатын ұстанып келеді. Екі ел басшылары арасында келіссөздердің үш кезеңі өткізілгеніне қарамастан, әлі күнге дейін Корея түбегіндегі ядролық дағдарысты шешу жолында ешқандай шынайы ілгерілеу болмады және мамандар деңгейіндегі жаңа келіссөздер де нәтиже бермеді. Бұл мәселе Ресейдің реакциясына ұшырады.

Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Михаил Ульянов  сәрсенбі күні, 1 қаңтарда: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі Солтүстік Кореяға АҚШ-пен келісімге сенуге болмайтынын көрсетті",-деді. Ульянов Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тағдыры мен АҚШ-тың одан шыққанына тоқталып: "АҚШ-тың Иранның ядролық келісіміне қатысты саясаты Солтүстік Кореяның АҚШ-қа сенімсіздік танытуына себеп болды",-деді. Көптеген елдердің пайымдауынша, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты қатынасы халықаралық сахнада  бұл елге сенімді азайтып, Вашингтон мен Пхеньян арасында ядролық салада келісімнің болу мүмкіндігіне күмән тудырды. АҚШ Президенті Дональд Трамп билік басына келгелі бері оған дейінгі үкіметтің басқа елдермен қол қойған немесе қосылған келісімдері мен келісімшарттарынан шығып, жағымсыз беделде ие болды. Трамп 2018 жылдың 8 мамырында Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзып, осы халықаралық келісімнен біржақты негізде шығып, ядролық санкциялардың қайтарылатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда Мәскеу осы мәселені Солтүстік Кореяның есіне түсіріп жатыр. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі көрсеткендей, Трамп үкіметіне мүлде сенуге болмайды. Тіпті Пхеньян онымен келісімге келген күннің өзінде оның орындалуына ешкім кепілдік бере алмайды.

Пхеньян мен Вашингтон арасындағы келіссөздердің нәтижесіз болуы және Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық бағдарламалары тоқтатылған жағдайда Трамп үкіметінің Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды азайту туралы уәделерінің орындалмауы осы елдің басшысы Ким Чен Ынның бірнеше күн бұрын  Трампқа "жаңа жылдық" уәде беруіне себеп болды. Сарапшылардың айтуынша, Пхеньян тарапынан жаңа қару-жарақ немесе жаңа шаралардың жасау уәдесі Вашингтонды келіссөз өткізуге және Солтүстік Кореяға ұпай беруге көндіру үшін берілді. Ким Чен Ын жаңа жылдық жолдауында шынайы қадам жасап, жаңа стратегиялық қарудың тұсауын кесуге уәде берді. Бірақ келіссөздер үстелін тастап кетемін деген жоқ. Ол құрлықаралық баллистикалық зымырандар мен ядролық қаруларды сынауды тоқтатуға қатысты міндеттемелеріне берік болуға ешқандай себеп жоғын айтты. Ким Чен Ын АҚШ-ты ядролық қарусыздану келіссөздерін өзінің саяси мүдделеріне теріс пайдаланды деп айыптады.

Солтүстік Корея АҚШ-пен ядролық қарусыздану келіссөздерін бастаудан бірнеше ай бұрын ядролық және зымырандық сынақтарды тоқтатқан болатын, бірақ бұл келіссөздер жеңіліске ұшырағаннан кейін ядролық және зымырандық бағдарламаларды ілгерілетуге шаралар қолданды. Солтүстік Корея басшысы елдің АҚШ-қарсы маңызды тетіктері, яғни әскери-ядролық күш-қуат пен зымырандық қабілетінің барын біледі. Сондықтан ешбір жағдайда ұпай алмастан, әсіресе Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды жоймайынша бұл күш-қабілетті азайтуды немесе жоюды қаламайды.

Тегтер