Зариф: Солейманидің шәһид болуы аймақ пен әлемдегі қарсыласу ағашын күшейте түседі
(last modified Fri, 03 Jan 2020 06:03:27 GMT )
Қаң 03, 2020 12:03 Asia/Almaty
  • Зариф: Солейманидің шәһид болуы аймақ пен әлемдегі қарсыласу ағашын күшейте түседі

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ тың әуе шабуылында Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал майор қажы Қасым Сулейманидің шәһид болуының аймақ пен әлемдегі қарсыласу ағашының күшейе түсуіне себеп болатынын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні АҚШ‑тың генерал‑майор Қасым Солейманиді шәһид еткенін айыптап: «Америкалық лаңкестік күштердің терроризм және экстремизммен күрес қаһарманы сардар Солейманиге террор жасаудағы ақымақтығы аймақ пен әлемдегі қарсыласу ағашын мықтыландыра түсетіні анық.

ИИР СІМ қылмыскер әрі лаңкес АҚШ режимін осы айқын қылмысқа жауап бергізу мақсатында Ұлттық қауіпсіздік  жоғары кеңесінің шешімдерін орындау үшін өзінің саяси‑құқықтық және халықаралық әлеуеттерінің барлығын қолданады»,‑деді.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай‑ақ, Twitter‑дегі жеке парақшасында: «Вашингтон өзінің ерсі авантюристік әрекеттерінің салдарларына жауапты.

АҚШ‑тың халықаралық лаңкестік саласындағы әрекеттері мен ДАИШ, Джебхат ан‑Нусра мен басқа да лаңкестік топтармен соғыста ең әсерлі адам болған сардар Сулейманиге террор жасауы – өте қауіпті текетірес тудыратын іс»,‑деді.