Халықаралық деңгейдегі басты оқиғалар Иран мен Қазақстан СІМ сұхбатының басты тақырыбы
Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, аймақтағы басты оқиғалар туралы пікір алмасты.
IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің телефон арқылы сұхбатында Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Ғасем Солейманиге жасалған террордан кейінгі аймақтық және халықаралық басты оқиғалар талқыланды.
Мұхаммад Джавад Зариф осыдан бұрын Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши, Ливан Сыртқы істер министрі Джебран Басил, Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар, Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян, Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Палестина исламдық джиһадының бас хатысы Зияд Нахала және Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы кеңесті.