Қаң 12, 2020 20:25 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания өз елшісінің Теһранда ұсталғанына реакция білдірді

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі кешегі заңсыз жиындарға қатысқан осы ел елшісінің Теһранда ұсталғанына реакция білдірді.

Sky News ақпарат арнасының хабарлауынша, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Роб осы ел елшісі Роб Макэйрдің кешегі заңсыз жиындарға қатысқаны үшін қамауға алынғанына білдірген реакциясында мұны халықаралық заңдарды бұзу деп атады.

Ұлыбританияның Ирандағы елшісі сенбі күні кешке Теһранда "Амир Кабир университеті алдында өткен жиынды ұйымдастырды және арандатты" деген айыппен бірнеше сағатқа қамауға алынып, артынан босатылды.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, Ұлыбританияның Ирандағы елшісі наразылардан сұхбат алып, сурет пен видеоға түсірген.

Тегтер