Пентагон америкалық әскерилердің Иракта қалуына табандылық танытып отыр
(last modified Fri, 17 Jan 2020 09:51:30 GMT )
Қаң 17, 2020 15:51 Asia/Almaty
  • Пентагон америкалық әскерилердің Иракта қалуына табандылық танытып отыр

АҚШ 3 қаңтарда Бағдад әуежайы маңында Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Касем Солеймани мен Ирактың "Хашд әш-Шааби" халықтық күштері басшысының орынбасары Абу Маһди әл-Моһандес және олардың серіктерін өлтіріп, қылмыс жасағаннан кейін

Ирак Парламенті 5 қаңтарда ДАИШ-ке қарсы коалиция күштерінің, соның ішінде америкалық әскерилердің Ирактан шығарылуына дауыс берді. Бұған қарамастан АҚШ заңсыз ұстаным білдіріп, бұл ел әскерилерінің Иракта бұрынғыдай қала беруі қажеттігін қуаттап отыр.

Пентагонның ақпарат хатшысы Джонатан Хоффман бейсенбі күні, 16 қаңтарда бір баспасөз отырысында АҚШ-тың қазіргі жағдайда өз әскери күштерін Ирактан шығаруды көздемейтінін айтты. Ол: "Біз Иракта өз күштеріміздің жұмысын жоспарлауды жалғастыра береміз. Жуық арада өз амалдарымызды қайта бастаймыз деп үміттенемін. Біздің Сириядағы ДАИШ-ке қарсы әскери амалдарымыз да тоқтаған жоқ",-деді.

Бұл сөздерге дейін New York Times газеті кейбір әскери дереккөздеріне сүйеніп, АҚШ армиясының Ирак күштерімен бірге ДАИШ-пен күресуге бағытталған ортақ әскери бағдарламаларын бірнеше апталық  үзілістен кейін қайта бастағанын хабарлады.

Ирак Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Абдулкарим Халаф АҚШ армиясының Иракта әскери амалдарды қайта бастағанын теріске шығарды. Оның айтуынша, Ирак Қарулы күштерінің бас қолбасшылығы АҚШ армиясының Иракта әскери амалдар бастауына келісім берген жоқ.

Америкалықтар Ирак Парламентінен мұндай қаулы күтпегендіктен есеңгіреп қалды, артынан асығыс реакция білдіріп, қаулыны қайта қарауды сұрады. Олар Ирак мүдделерінің Вашингтонмен қарым-қатынасты дамытуға байланысты деп отыр. Сол себепті Трамп Ирак басшыларын бұл ел Парламентінің ДАИШ-ке қарсы америкалық коалицияны елден шығару туралы қаулысының орындалуының алдын алуға көндіруді көздеп отыр.

АҚШ Президенті Дональд Трамп осы салада зорлықшыл ұстаным білдіріп, шын мәнінде Вашингтонның Ирактан әскери күштерін шығаруды қаламайтынын білдірді. Трамп алдымен ирактықтарға америкалық әскерилерді елден шығару туралы жоба ұсынғаны үшін ауыр санкциялар салумен қоқан-лоққы жасады, содан соң америкалық күштерді Ирактан шығару мәселесі мүлде көтерілген жоқ деп уәж айтты. Ол Ирак басшыларының жеке келіссөздерде америкалық әскерилерді шығару мәселесін мүлде қозғамағанын айтты.

Трамп 10 қаңтарда: "Егер Бағдад америкалық әскерилерді Ирак жерінен шығарғысы келсе, 35 млрд долларға тең өтемақы төлеуі тиіс.  АҚШ Ирактағы базаларға бірнеше миллиард доллар жұмсады. Егер Ирак бұл мәселеге дос ретінде қатынас көрсетпесе, бұл базалардың қаражатын төлеуі тиіс. Болмаса, ауыр санкцияларға ұшырайды",-деп мәлімдеді.

АҚШ сардар Солеймани мен Абу Маһди әл-Моһандесті өлтіргеннен кейін өзін Иракқа толық үстемдік орнатуға дайындап жатқан еді, бірақ қазір оның бұл елден шығу мәселесі қарастырылып жатыр.            

Тегтер