Зариф: АҚШ – аймақтағы қатерлі жағдайға кінәлі басты ел
Иран Сыртқы істер министрі Батыс Азияның қазіргі жағдайын қауіпті деп сипаттап, АҚШ-ты осы жағдайға кінәлі басты ел деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф Үндістанның Times Now арнасы сайтында сенбі күні кешке жарияланған сұхбатында аймақтағы қауіпті жағдайдың басты себебін АҚШ-тың үстемшіл әрі дөрекі ұстанымдары екенін айтып: "АҚШ барлық іске Батыс Азия аймағы халқының перспективасы емес, өзінің перспективасы тұрғысынан қарайды",-деді.
Зариф, сондай-ақ, аймақ елдері қоғамдық пікірінің Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің қолбасшысы шәһид Касем Солейманиге ауқымды қолдау көрсеткенін айтып: "АҚШ сардар Солейманиді өлтіргеннен кейін әлемнің әртүрлі аймақтарында оны еске алу рәсімдері өткізілгенін түсінуі керек",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: "Тек ДАИШ, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ғана сардар Солейманидің өлтірілгеніне қуанды",-деді.