АҚШ пен Талибан келіссөзі жеңіліс тапты
(last modified Sun, 19 Jan 2020 16:27:30 GMT )
Қаң 19, 2020 22:27 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Талибан келіссөзі жеңіліс тапты

Ауғанстан Президентінің баспасөз хатшысы Катардағы АҚШ пен Талибан келіссөзінің сәтсіз өткенін хабарлады.

Седдиқ Седдиқи Кабулдағы ақпарат отырысында: "Катарда АҚШ өкілдері мен Талибан тобының келіссөздерінде қатігездіктерді азайту және атысты тоқтату бітімі туралы ешқандай ілгерілеу болмады",-деді.

Ауғанстан Президентінің баспасөз хатшысы Талибан тобының атысты тоқтату бітімін қабылдау қажеттігін қуаттап: "Бұл топ Ауғанстанда бейбітшілік орнату үшін осы елдің үкіметімен тікелей диалог өткізуі керек",-деп еске салды.

АҚШ пен Талибан тобы өкілдерінің келіссөздері Катарда 11 рет өткізілді. Бұл келіссөздер барысында тараптар осы уақытқа дейін Ауғанстан үкіметімен әріптестік жасамады.   

Катардағы АҚШ пен Талибан тобы келіссөздерінің жаңа кезеңінің жеңіліс табуы жуырда тараптардың бейбітшілік келісімінің алғы нұсқасы туралы келісімге келгенін және құжатқа қол қоюға дайын екені туралы хабарлар таралған жағдайда орын алды.

Талибан тобының Ақ үйдің Ауғанстанда қатігездіктерді азайту туралы өтінішіне теріс жауап бергенін ескеріп, келіссөздердің жаңа кезеңінің сәтсіз өтетінін болжауға болатын еді.

АҚШ-тың Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзад бұдан бұрын Талибан тобынан Ауғанстандағы қатігездіктерді азайтуын сұраған болатын, бірақ топтан  теріс жауап алды.

Талибан тобының басшысы: "Ауғанстанда қатігездікті азайту АҚШ тарапынан бейбіт келісіміне қол қойылып, бұл ел әскерилері Ауғанстаннан шыққаннан кейін ғана мүмкін болады",-деп қуаттады.

Талибан тобының қатігездіктерді азайтпайтыны туралы ұстанымы көрсеткендей, бұл топ АҚШ-тың өтінішін қанағаттандырғысы келмейді, сондай-ақ, америкалық әскерилер шығып, бейбіт келісімге қол қойылғанға дейін соғысты жалғастыруды және оны үдетуді көздеп отыр.

АҚШ-тың әртүрлі елдермен арадағы келіссімдерді қайта-қайта бұзып, өз міндеттемелерін орындамауын ескеріп, Талибан тобы да АҚШ-пен бейбіт келісімге қол қойылып, бұл ел әскерилерінің Ауғанстаннан шығарылғанына дейін қатігездікті азайтып, артынан бұл елдегі соғысты тоқтатуға дайын емес.

Әрине, АҚШ-тың Ауғанстанда қатігездіктерді азайту туралы ұсынысына қарсылық білдіру тек Талибан тобымен шектелмейді, бұл елдің үкіметі де мұны қабылдамайды.

Ауғанстан үкіметінің сенімінше, АҚШ өзінің уәждеріне керісінше бұл елді бейбітшілік пен тұрақтылықпен қамтамасыз етуге көмектесуге мүдделі емес, өйткені АҚШ Кабулды Талибанмен бейбіт келіссөздерден алып тастау арқылы іс жүзінде Ауғанстанның ұлттық мүдделері мен егемендігін бұзды.

Мұндай жағдайда Ауғанстан үкіметі АҚШ пен Талибан тобы арасындағы бейбіт келісімнің бұл үкіметтің растауынсыз заңды саналмайтынын және оны орындаудың мүмкін болмайтынын сан рет мәлімдеді.