Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Иранға іссапармен келеді
Ақп 02, 2020 18:13 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Джозеф Боррелл осы қызметте алғаш рет ертең, дүйсенбі күні Иранға іссапармен келеді",-деді.
ИИР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейіт Аббас Мусави: "Джозеф Боррелл Теһран сапарында Иранның Сыртқы істер министрі мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, пікір алмасады",-деді.
Испанияның жоғары дәрежелі дипломаты Джозеф Боррелл былтыр жазда Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің орнын басты.
Тегтер