Қытай корновирустың салдарларына қарсы тұру үшін шаралар қолдануда
Қытайдың Орталық банкісі корновирустың таралуы салдарларынан бағалы қағаздар нарығының құлдырауының алдын алу үшін 172 млрд доллар көмек бөлгенін хабарлады.
Қытайдың Орталық банкісі: "Бұл елдегі инвесторлар мен акционерлердің алаңдауларын азайту үшін бағалы қағаздар нарығына 172 млрд доллар көмек құйылды",- деп жариялады. Шанхай биржасы Азиядағы ірі биржалардың бірі. Сондықтан Қытай үкіметінің бұл шешімін зауыдтар мен компаниялар акционерлерінің короновирустың таралуынан туындаған алаңдауларын азайтып, келешекке сенімдерін арттыру үшін жасаған қадам деп бағалауға болады. Шанхай қор биржасы Қытайдағы Жаңа жыл мерекесі, сондай-ақ коронавирусының таралуына байланысты демалыстарынан кейінгі бірінші күнде күрт құлдырағанымен, Бейжиннің қолдау шаралары биржаның негізгі құлдырауын болжамдардан төмендетті. Үкіметтің акционерлерді қолдауы бұл елдегі зауыдтар иелері мен жұмысшыларын әлемнің екінші экономикасы саналатын елдің қазіргі жағдайдан шығатын бағдарламасы бар екен деген сенімді арттырды. Қытайлық бағалы қағаздар нарығына ақша құюмен тұспа-тұс Қытайдың басқа да экономикалық, денсаулық сақтау, қызмет көрсету және туризм салаларындағы қолданып отырған шаралары Бейжиннің қазіргі жағдайдан шығу ерік-жігерін білдіреді. Шын мәнінде, коронавирусы мен оның ауыр салдарларына жедел және тиімді қарсы тұру - дұрыс басқарудың белгісі. Қытай бұдан бұрын вирустар және ұқсас дағдарыстармен күресу қабілетін көрсеткен. Қытайдағы қазіргі вирустың таралуы 2002 жылғы SARS вирусынан әлдеқайда кең ауқымды болғанымен, Қытайдың әртүрлі салалардағы, оның ішінде экономикалық және денсаулық саласындағы мүмкіндіктері жиырма жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Коронавирустың таралуы Қытайға үлкен шығын әкелетіні анық болғанымен, бір миллиард үш жүз миллионнан астам халқы бар ел үшін осы кезеңді сәтті өту маңызды және бұл елге джеген сенімді арттырып, әлемдіктерге бұл елдің төтенше дағдарыстарға қарсы тұра алатын әлеуетке ие екенін көрсетеді.