Тафсир: Трамп өзінің жылдық сөзінде Иранға қарсы ұстанымдарын қайталады
(last modified Wed, 05 Feb 2020 14:27:48 GMT )
Ақп 05, 2020 20:27 Asia/Almaty
  • Тафсир: Трамп өзінің жылдық сөзінде Иранға қарсы ұстанымдарын қайталады

АҚШ Президенті ИИР-на қарсы дұшпандық ұстанымын үнемі қайталап, Иранды бағындыру үшін бұл елге қарсы «мейілінші қысым» жасау саясатты жүргізуді қуаттады.

Дональд Трамп 4 ақпанда Конгрестегі АҚШ-тың қоғамдық жағдайы туралы жыл сайынғы сөзінде Иранға қарсы уәждерін қайталап, бұл елдің жүйесі мен халқына тіл тигізді. Трамп: «Иранның үкіметі атом қаруына ие болу талпынысын, лаңкестікті кеңейтуді, қырып-жою мен қиратуды тоқтатуы керек. Біздің қатаң санкцияларымыздың салдарынан Иранның экономикасы ауыр зардап шекті. Біз бұл елдің экономикалық жағдайының жылдамдықпен жақсаруына көмектесе аламыз. Олардың өзіңе деген сенімі мөлшердер артық»,- деді.  Трамптың жаңа сөздері мен Иранға қарсы айыптауларын қайталауы АҚШ-тың жанжал Президентінің Иранға қарсы саясаты мен әрекеттерін президенттік билігінің соңғы жылында жалғастырғысы келетінін көрсетті. Трамп сайлау науқаны және 2017 жылдың қаңтарында Ақ үйге енген соң Ирандағы исламдық республика жүйені осалдатып, құлатуды көздеді. Ол АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатынын және Иранға қарсы ядролық мәселеге байланысты санкцияларды қайта енгізуі жөнінде жариялап, «мейілінше қысым» көрсету саясатын ұстанып, бұл елге қарсы экономикалық соғысын бастады. Сондай-ақ соңғы бірнеше айда Иранның Парсы шығанағындағы америкалық және оның одақтастарының күштеріне қауіпті деп сылтауратып, Иранға қарсы әскери қоқан-лоққы көрсетуге кірісті. Трамп өз сөзінде 2019 жылдың қарашаайында Иранда қоғамдық тәртіпті бұзғандарды қолдап: «Бұл ирандықтар өз дауысын әлемдіктерге жеткізді және біз олардың қасындамыз»,- деді. Трамп бұл сөздерін өз билігі кезінде Теһранға қарсы «мейілінше қысым» көрсету саясатты жүргізіп, Иран халқына тарихта бұрын-сонды болмаған санкцияларды енгізіп, олардың тізімін ұзартуды жалғастырып отырған жағдайда айтуда. Трамп өзінің жыл сайынғы сөзінде АҚШ қолдайтын тәкфиршіл лаңкестерге, әсіресе ДАИШ-ке қарсы күресте маңызды рөл атқарған Ислам революцясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманиді әлемнің басты террористі және Ирактағы америкалықтардың өліміне жауапты деп атады. АҚШ Президенті 3 қаңтарда Бағдад әуежайында сардар Солеймани мен оның қасындағыларға қарсы лаңкестік әрекет жасау заңсыз әрі лаңкес бұйрығын берді. Трамп пен оның үкіметінің мүшелері, олардың ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео арсыз түрде сардар Солеймани қаһарман емес, лаңкес деп уәжденді. Бірақ Ирак және Иран халқы шәһид болған сардар Солеймани мен оның қасындағылармен қоштасу рәсімдерінде Трамптың өтіріктеріне сенуге болмайтынын және керісінше АҚШ үкіметінің лаңкес үкімет  деп білетіндерін көрсетті.