Коронавирустан қаза тапқандар саны 1000 адамнан асты
Ақп 11, 2020 13:42 Asia/Almaty
Қытайдың Хубэй облысы денсаулық сақтау қызметкерлері сейсенбі күні таңертең тағы 103 адамның өлімін қосқанда, коронавирус құрбандары санының 1000 адамнан асқанын жариялады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған соңғы мәліметі бойынша, осы кезде әлемнің түпкір-түпкірінде 40000 астам адам короновирусқа шалдықты, олардың көбі Қытайда өмір сүретіндер. Басқа елдерде 319 адам анықталды. Осы кезге дейін короновирустың салдарынан Қытайдан басқа елде тек бір адам өлді.
Тегтер