Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны артты
https://itolqyn.com/news/world-i45513-Қытайда_коронавирустан_қаза_тапқандар_саны_артты
Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі бұл елде коронавирустың салдарынан қаза болғандар санының күрт артқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 13, 2020 20:42 Asia/Almaty
  • Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны артты

Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі бұл елде коронавирустың салдарынан қаза болғандар санының күрт артқанын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен 24 сағатта Қытайда коронавирустан 242 адам қаза тапты.

Осылайша Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1310 адамға жетті.

Сонымен қатар осы аралықта коронавирус жұқтырған тағы 14 мыңнан аса адам анықталды. Қытайда жалпы қауіпті вирусқа шалдыққан адамдар саны 58 мыңнан асты.

Коронавирус өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласынан шықты. Сол кезден бері әлемнің 25-тен аса еліне тарады.