Ақп 15, 2020 21:42 Asia/Almaty
  • Сардар Солеймани туралы Ақ үйдің ресми мәлімдемесі мен Трамптың сөздерінде қайшылық байқалады

АҚШ Президенті Дональд Трамп 3 қаңтарда Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштері қолбасшысы генерал майор Ғасем Солеймани мен қасындағы адамдарды Бағдад әуежайында террор етуді бұйырды. Осы кезде басылып шыққан бұл оқиғаға қатысты Ақ үйдің ресми мәлімдемесінің Трамптың уәждерімен келіспейтінін анық байқалуда.

 

АҚШ Өкілдер палатасының сыртқы істер комитетінің төрағасы Элиот Энгель жұма күнгі мәлімдемесінде: "Ақ үйдің ресми мәлімдемесінің баптары Трамптың сардар Солейманиге қарсы террордың қоқан-лоққының алдын алу үшін жасалды деген уәжіне қайшы келеді",- деп жариялады. Ол Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде төтенше қоқан-лоққы туралы еш нәрсе айтылмағанын, сондықтан Трамптың АҚШ халқына өзін ақтау үшін айтқан уәжінің дұрыс болмағанын білдерітінін қуаттады.  АҚШ Өкілдер палатасының сыртқы істер комитетінің төрағасы сондай-ақ Трамптың сардар Солейманиге қарсы лаңкестік шабуылын ақтау үшін сүйенген заңының бабында дұрыс емес деп тапты. Осыдан бұрын Трамп үкіметінің кейбір мүшелері: "Сардар Солеймани мен оның қасындағыларға қарсы ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы 2003 жылы Иракқа шабуыл жасауға рұқсат еткен  2002 жылы бекітілген заң бойынша іске асырылды",- деп жариялаған болатын.  Энгельдің пікірінше, Трам үкіметінің заңның бұл бабына сүйенуі өз әрекеттері үшін Конгресте жауап беруден қашуы. Энгель: "Үкімет Конгрестің алдында жауап бермес үшін  2002 жылғы заң бойынша бұл шабылдың рұқсат етілгенін уәжденді.  2002 жылғы заң Саддамға қарсыласу үшін шығарлғанғ сондықтан Иранға немесе Ирактағы Иран үкіметінің басшыларына ешбір қатысы жоқ",- деді.   

Ислам революциясы Сақшылар корпусының  Құдс күштері қолбасшысы генерал майор Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштері ұйымы басшысының орынбасары Абумахди әл-Моһандес және олардың қасында бірген болған 8 адам 3 қаңтарда америкалық тікұшақтардың Бағдад халықаралық әуежайына жасаған зымырандық шабуылында шәһид  болды.  Пентагонның жариялауынша, бұл әуе шабуыл іске асырлуы Трамп бұйырды.  АҚШ бұл қылмысын "сардар Солеймани Иракқа америкалықтар мен олардың базаларына шабуыл жасау мақсатпен енді, сондықтан АҚШ бұл шбауылдардың алдын алу үшін сардарға қарсы әрекеттенді" деп сылтауратты. Бірақ Ирак басшылары бұл уәдерді теріске шығарды. Ирактың уақытша премьер-министрі Адель Абделмәһди 5 қаңтарда өткен Парламент отырысында: "Сардар Солеймани Иранның жолдауын Ирак  арқылы Сауд Арабиясына жеткізу үшін Бағдадқа енген болатын",- деді.   

Элиот Эенгельдің пікірінше, сардар Солейманиге қарсы террор жасау шешім Иран арасындағы шиеліністерді одан сайын арттырды және АҚШ-ты бұл елдің халқының қалауы болмаған соғыс қарсанына тіреді.  Осы кезде АҚШ Конгресінің өкілдерінің бірі әшкереген Ақ үй мен Трамптың сардар Солеймани мен оның қасындағыларға жасалған лаңкестік әрекет жөніндегі қайшылықтар Трамптың бұл қылмысын іске асыруға сылтау іздегенін анықтады.     

 

Тегтер