FATF саяси шешімімен Иранды қара тізімге енгізді
(last modified Sat, 22 Feb 2020 15:46:32 GMT )
Ақп 22, 2020 21:46 Asia/Almaty
  • FATF саяси шешімімен Иранды қара тізімге енгізді

АҚШ басқарған батыстықтар біраздан бері ИИР-ның негіздері мен саясаттарын өзгерту мақсатпен бұл елге қарсы жанжақты қысым көрсету саясатты жүргізуде. Олардың саясаттарының бірі Иранға қаржы және экономикалық қысым көрсету болып табылады.

 

Бұл салада 21 ақөпанда Ақшаны жылыстау мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күресу FATF ұйымының қаржылық іс-қимыл бойынша арнайы жұмыс тобы Иранды өзінің қара тізіміне тіркеді. The Wall Street Journal бұған дейін Парижде орналасқан аталмыш ұйымның шешімінің Еуропа елдерінің АҚШ-тың Иранға қысым жасау ұстанымен келіскеннен білдіретінін хабарлаған. Қаржылық іс-қимыл бойынша арнайы жұмыс тобы өз мәлімдемесінде: "Иранға қарсы шешімнің күші жойылуы мүмкін. Иран қатысты жобаны бекітіп, қара тізімнен шыға алады",- деп жариялады. Қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобы 1989 жылы Парижде G7 тобы басшыларының ақшаны жылыстаумен күресу шешімімен құрылды. G7  тобы басшылары аталмыш ұйымның құрылуы қажеттілігін банктік заңнаманы  үйлестіру және ақшаны жылыстатумен күресумен байланыстырды. 2001 жылдағы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін бұл ұйымға терроризмді қаржыландырумен күресу міндеттелді.  Әлем мен мемлекеттер деңгейіндегі банкілік арналардың жұмысын бақылау Қаржылық іс-қимыл бойынша арнайы жұмыс тобының негізгі міндеттерінің бірі саналады.  FATF шешімі  Иранның қаржы  операцияларын  көптеген шектеулерге ұшыратқанымен, қазіргі уақытта бұл шешім сондай әсер етпейді. Өйткені осы кезде  Батыс банкілерінің көбі  АҚШ-тың санкцияларына байланысты Иранмен  қаржылық және банктік операциялар жүргізбейді. Трамп үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктері сан рет Ираннан ҒАТҒ-ке қосылуды талап еткен болатын.  2020 жылдың 12 ақпанында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ираннан Терроризмді қаржыландыру туралы Палермо конвенциясына қосылуды талап етті. Иран АҚШ пен оның аймақтық одақтастарының Теһранды нысанаға алу үшін Иранды FATF қара тізіміне енгізуге көп күш салып жатқанын бірнеше рет атап өтті. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф осыдан бұрын: "АҚШ, Сауд Арабиясы  мен Израиль сынды терроризмды қолдаушылар Иранды  FATF қара тізіміне енгізуге әрекеттенді",- деді.  Иран бұл шешімді толық саяси деп санайды.