АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы коронавирус туралы ескерту жасады
АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (CDC) елде коронавирустың таралуы туралы ескерту жасап: «Зертханалар бұл елде тиісті зерттеулер жүргізілмегеніне алаңдаулы»,-деді.
Осы орталықтың ұлттың қауіпсіздігін сақтау және тыныс жолдары аурулары бөлімінің басшысы доктор Нэнси Масунир баспасөз отырысында: «Ақыры бұл вирустың АҚШ-та кең таралғанына куә боламыз»,-деді.
Ол: «Қазір істей алатын шараларымыз медициналық араласу емес. Мектептерді жабу, ерікті түрде карантин жариялау, қоғамдық жерлерде түрлі конференциялар мен басқосуларды болдырмауды қамтиды»,-деді.
12 ақпанда CDC: «АҚШ-тың қоғамдық медициналық зертханаларына жіберілген бірнеше зерттеу құралында ақау бар еді. Бұл зерттеу нәтижесі мен ауруды бақылауда қателікке жол берілуіне себеп болды. Қазіргі таңда тек CDC-дан тыс 12 зертханада вирусты анықтау мүмкіндігі бар. Олар Калифорния, Иллинойс, Небраска, Невада және Теннесси штаттарында орналасқан»,-деп хабарлады.
Бұдан бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытай мен Иранда коронавирустың таралғанына алаңдаушылық білдіріп, өз үкіметінің вирустың АҚШ-қа кіруінің алдын алғанын айтқан болатын.
CDC-тің статистикалық мәліметі бойынша, өткен жылы АҚШ-та 16 мың адам H1N1 тұмауынан көз жұмған, алайда ел үкіметі ешқашан бұл жайында ақпарат таратпады.