АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы коронавирус туралы ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i45697
АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (CDC) елде коронавирустың таралуы туралы ескерту жасап: «Зертханалар бұл елде тиісті зерттеулер жүргізілмегеніне алаңдаулы»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 27, 2020 22:56 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы коронавирус туралы ескерту жасады

АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (CDC) елде коронавирустың таралуы туралы ескерту жасап: «Зертханалар бұл елде тиісті зерттеулер жүргізілмегеніне алаңдаулы»,-деді.

Осы орталықтың ұлттың қауіпсіздігін сақтау және тыныс жолдары аурулары бөлімінің басшысы доктор Нэнси Масунир баспасөз отырысында: «Ақыры  бұл вирустың АҚШ-та кең таралғанына куә боламыз»,-деді.  

Ол: «Қазір істей алатын шараларымыз медициналық араласу емес. Мектептерді жабу, ерікті түрде карантин жариялау, қоғамдық жерлерде түрлі конференциялар мен басқосуларды болдырмауды қамтиды»,-деді.

12 ақпанда CDC: «АҚШ-тың қоғамдық медициналық зертханаларына жіберілген бірнеше зерттеу құралында ақау бар еді. Бұл зерттеу нәтижесі мен ауруды бақылауда қателікке жол берілуіне себеп болды. Қазіргі таңда тек CDC-дан тыс 12 зертханада вирусты анықтау мүмкіндігі бар. Олар Калифорния, Иллинойс, Небраска, Невада және Теннесси штаттарында орналасқан»,-деп хабарлады.

Бұдан бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытай мен Иранда коронавирустың таралғанына алаңдаушылық білдіріп, өз үкіметінің вирустың АҚШ-қа кіруінің алдын алғанын айтқан болатын.

CDC-тің статистикалық мәліметі бойынша, өткен жылы АҚШ-та 16 мың адам H1N1 тұмауынан көз жұмған, алайда ел үкіметі ешқашан бұл жайында ақпарат таратпады.