Иран мен Ресей басшылары Астана процесін нығайту қажеттігін қуаттады
Иран мен Ресей басшылары Сирия мәселесін шешіп, Батыс Азия аймағында лаңкестіктің тамырын жою үшін Астана процесін нығайту қажеттігін қуаттады.
Хасан Рухани сенбі күні Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында Идлибтегі соңғы өзгерістерге тоқталып: «Идлибтің жағдайы алаңдаушылық тудырады. Астана процесінің келісімдері тез арада орындалуы тиіс»,-деді.
Рухани Сирия территориясының бір бөлігінің жылдар бойы лаңкестердің қолында қалуына жол бермеу қажеттігін айтып: «Сирия қиыншылығын тек саяси жолмен шешуге болады»,-деді.
Иран Президенті Астана процесін жалғастыру үшін Иран, Ресей мен Түркия басшыларының отырысын өткізуге дайын екенін айтып: «Идлибтің жағдайы америкалықтардың Сирия мәселесін теріс пайдаланып, ішкі іске араласуына сылтау болмауы тиіс»,-деді.
Ресей Президенті де осы телефон арқылы сұхбатта Астана процесі аясындағы келісімдерді Сирия мәселесін шешуде өте әсерлі деп атап: «Қақтығыстар азайтылған аймақтар құру лаңкестермен күреспеу деген мағынаны бермейді»,-деді.