АҚШ-та коронавирустан екінші адам қайтыс болды
АҚШ-тың Вашингтон штатының губернаторы коронавирустан екінші адамның қайтыс болғанын хабарлады.
The New-York Times газетінің хабарлауынша, Вашингтон штатының басшылары Сиэтл қаласында коронавирустан қайтыс болған екінші адам туралы хабарлап: «Вирус жұқтырып, штаттың ауруханасында жатқан басқа 5 адамның жағдайы ауыр»,-деді.
АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл елде коронавирусқа шалдыққандардың саны 80-ге жетті.
АҚШ Президенті Дональд Трамп вирустың таралуын маңызсыз көрсетуге тырысқанына қарамастан, жексенбі күні 1 наурызда жағдайдың қиын екенін мойындады.
Танымал америкалық деректі фильм түсіруші Майкл Мур: «Шындықтарды халықтан жасырған Президент коронавирустан қауіптірек»,-деді.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы күнге дейін әлемде 89 739-дан аса адам коронавирусқа шалдықса, олардың арасында 44 000 адам сауығып, 3060 адам қаза тапты.