Вашингтонда коронавирусқа байланысты ондаған мектеп жабылды
https://itolqyn.com/news/world-i45752
АҚШ ақпарат құралдары коронавирустың таралу қатеріне байланысты Вашингтондағы ондаған мектептің жабылуын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 03, 2020 16:46 Asia/Almaty
  • Вашингтонда коронавирусқа байланысты ондаған мектеп жабылды

АҚШ ақпарат құралдары коронавирустың таралу қатеріне байланысты Вашингтондағы ондаған мектептің жабылуын хабарлады.

АҚШ-тың CNN арнасының сейсенбі күнгі мәліметіше, Вашингтон штатының АҚШ-та коронавирустың таралуының негізгі аймақтарының біріне айналуына байланысты бұл штатта ондаған мектептің жабылуын мәлімдеді. АҚШ басшылары: «Соңғы мәліметтер бойынша, тағы 34 адамның коронавирусқа шалдығуымен, АҚШ-та коронавируспен шалдыққандардың саны 100 адамға жетті. Коронавирусқа жаңадан шалдыққандардың 18 Вашингтон және 16 Калифорния штаттарының тұрғындары»,- деп хабарлады. АҚШ-та Дональд Трамп үкіметінің коронавирустың таралуына қатысты шараларына алаңдаушылық артты.