Ислам революциясы жетекшісі: Үндістан үкіметі экстремистік үнділерге қарсы тұруы керек
(last modified Fri, 06 Mar 2020 08:46:17 GMT )
Нау 06, 2020 14:46 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Үндістан үкіметі экстремистік үнділерге қарсы тұруы керек

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Үндістандағы мұсылмандардың қырылуын айыптады.

Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша, Ислам революциясы жетекшісінің еңбектерін тарату және баспасөз қызметінің  Twitter-дегі парақшасында аятолла Хаменеи Үндістанда мұсылмандардың қырылуына байланысты әлем мұсылмандарының жүректерінің жаралануына тоқталып: «Үндістан үкіметі экстремистік топтар мен оларды жақтайтын партияларға қарсы тұрып, мұсылмандардың қырылуының алдын алып, ислам әлемінен оқшаулануының алдын алуға міндетті»,- деп қуаттады.  

2019 жылдың 11 желтоқсанында Үндістан азаматтық заңына өзгерістер енгізілді. Бұл заң бойынша, 2015 жылдан бұрын рұқсат қағазысыз Бангладеш, Ауғанстан және Пәкістаннан енген босқындарды бұл елдің азаматтығынан айыра алады. Бірақ бұл заңның мұсылмандарға қатысы жоқ.  Бірақ осы кезде экстремистік үнділер мұсылмандарға шабуыл жасап, Дейлидің солтүстік-шығысындағы мешіттерді қиратып, мұсылмандар өмір сүретін жерлерде нысанаға алуда.

Үнді басшыларымен жарияланған мәліметтер бойынша, өткен аптадағы қақтығыстарда 46 адам өлді және 300-ден астам адам жарақат алды.