Майк Помпео Иранға қарсы уәждерін қайталады
(last modified Fri, 06 Mar 2020 10:49:27 GMT )
Нау 06, 2020 16:49 Asia/Almaty
  • Майк Помпео Иранға қарсы уәждерін қайталады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Вашингтон басшыларының Иранға қарсы уәждерінің жалғасында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) жанжалдарын қайталады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майк Помпео АҚХА-нің Иранға қарсы жанжалдарына тоқталып: «Иран өзінің бүкіл ядролық нысандарын АҚХА-нің бақылаушыларына ашып, өз міндеттемелеріне табанды болуы керек. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы санкциялар қайта енгізуі жөнінде ойлануы керек. Теһран жасырып, ядролық қару шығаруға қажет құрамды қолданып, ядролық қаруды таратуға тыйым салатын келісімді бұзды»,- деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Бехруз Камалванди АҚХА-нің Иранның ядролық жұмыстары туралы соңғы есебін сынап: «Агенттік сионистік режимнің тыңшылық уәждері негізінде Ираннан мағлұмат сұрап немесе талап ете алмайды»,- деп қосты.