Басқа елдер коронавируспен күресте Иранның тәжірибелерін пайдалануы керек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Иранға жіберген делегациясының басшысы Иранның медициналық кадрлерінің білімі мен біліктілігіне таңданып: «Басқа елдер коронавируспен күресте Иранның тәжірибелерін пайдалануы керек»,-деді.
Ричард Бреннан сенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатында коронавирустың әлемде тез таралып жатқанына тоқталып: «Коронавирус туралы ақпараттың алғаш рет әлемде 67 күн бұрын, ал Иранда 17 күн бұрын жарияланғаны таңданыс тудырады»,-деді.
Бреннан Иранның Денсаулық сақтау министрінің дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанын айтып: «Иранда коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және халықты хабарландыру саласында таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізілді»,-деді.
Ол Иранның Батыс Азия аймағындағы ең мықты медициналық жүйеге ие екенін айтып: «Бұл ел коронавируспен күрес саласында жақсы жетістіктерге жетті»,-деді.