Коронавирус өршіп тұрған кезде АҚШ Иранға қарсы медициналық лаңкестік жасауға кірісті
Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық терроризмі медициналық лаңкестікпен қосылған кезде бұдан былай әлем үнсіз қала алмайды»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Twitter-дегеі жеке парақшасында: «АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранды коронавируспен күресуге қажетті заттардан айыру мақсатында заңсыз санкцияларын күшейтіп жатыр. Ал Иранда азаматтар коронавирустан көз жұмуда»,-деп жазды.
АҚШ-тың Иранға қарсы дәрі-дәрмек және медициналық құралдарға санкция салуы – адам құқығын бұзудың айқын үлгісі. Қазіргі коронавирус кең таралған жағдайда дәрі-дәрмек және медициналық құралдарға қолжетімсіздік медициналық лаңкестік саналады.
АҚШ үкіметі бұдан бұрын Иран халқына қарсы экономикалық терроризм қолданды. Барынша қысым жасау арқылы Иран экономикасының төзімділігін мұқалтуға тырысты, бірақ халықтың экономикалық санкциялар жағдайына бейімделе алуына байланысты АҚШ-тың бұл саясаты іс жүзінде жеңіліс тапты.
Қазіргі таңда әлемде коронавирус таралған жағдайда Иранда вирус жұқтырғандарды емдеуде жетістіктер байқалғанымен дәрі-дәрмек және медициналық құралдарға толық қолжетімділіктің болмауы салдарынан осы шекара білмейтін белгісіз вирустан Иранда әлі де адам шығыны болып жатыр.
АҚШ-тың қазіргі үкіметі Иран халқына қарсы экономикалық терроризммен қоса медициналық лаңкестік жасау арқылы іс жүзінде адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр. Ал бұл жағдайда әлемдік қауымдастықтан АҚШ-тың адам құқығына қарсы әрекеттеріне қатысты ашық ұстаным білдіреді деп күтіледі.
Америкалықтар бұл күндері коронавируспен күрес жолында Иран халқын қолдайтынын айтып, көз жасын сығуда, бірақ өздері медициналық лаңкестік жасау арқылы Иранда коронавируспен арпалысып жатқан кейбір азаматтарды өмір сүру құқығынан айырды.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хусейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Twitter-де Ақ үй басшыларының Иран халқын нысанаға алғанын айтып: «АҚШ басшылары ашық түрде өтірік айтуда. Гуманитарлық санкцияларға ешқандай шектеу қойылмады»,-деп жазды.
АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, Иран коронавируспен күресте жақсы жетістіктерге жетті. Жергілікті медициналық білім Иранда вирус жұқтырғандардың жағдайларының жақсаруына көмектесті.
Коронавирусты ауыздықтау және бақылауда ұстау дәрі-дәрмек, медициналық құралдарға және халықтың жұмыла әрекет етуіне тікелей байланысты. Иранның медициналық білімі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен әріптестік АҚШ-тың заңсыз санкцияларына Иранның медицина қауымына коронавируспен күрес жолында, бәрінен маңыздырақ халықтың психологиялық төзімділігіне сызат түсіруіне рұқсат бермейді.