АҚШ-та коронавирус таралып жатыр
https://itolqyn.com/news/world-i45835
АҚШ-та коронавирус таралып, ел Президенті Дональд Трамптың бұл туралы уақытында хабар бермеуі және тиісті шаралар атқармауы көптеген сын тудырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 09, 2020 22:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-та коронавирус таралып жатыр

АҚШ-та коронавирус таралып, ел Президенті Дональд Трамптың бұл туралы уақытында хабар бермеуі және тиісті шаралар атқармауы көптеген сын тудырды.

Коронавирустың таралуы салдарынан АҚШ ауруханалары вирус жұқтыруы мүмкін 96 млн адамды қабылдауға дайындалып жатыр.

АҚШ-та жарты миллионға жуық адамның коронавирустан көз жұмуы мүмкін деп болжанып отыр.

Көптеген сарапшылар Трамп үкіметінің вирустың таралу жағдайын жасыруының оның белең алуына себеп болғанын айтты.  

Олардың айтуынша, АҚШ-та медициналық сақтандыруы жоқ көптеген адам коронавирус жұқтыру қаупіне ұшырап отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы күнге дейін АҚШ-та 500-ге жуық адам вирус жұқтырып, 21 адам көз жұмды.