АҚШ еуропалық жолаушыларға елге кіруге тыйым салды
АҚШ Президенті коронавирус таралғаннан кейін еуропалық жолаушылардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Еуропадан келген жолаушылардың бұл елде коронавирустың таралуына себеп болғанын айтып: «Ұлыбританиядан басқа Еуропа елдерінен жолаушылар мен тауарлардың АҚШ-қа кіруіне 30 күнге тыйым салынды»,-деді.
Трамп Ұлыбританияға рұқсат берді, бірақ соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, бұл елде 459 адам коронавирусқа шалдыққан, ал басқа еуропалық елдерде шалдыққандар саны айтарлықтай аз.
АҚШ биржасы коронавирустың таралуынан және мұнай бағасының түсуінен туындаған бірнеше күнгі құлдыраудан кейін сәрсенбі күні тағы да төмендеді.
Boeing әуе компаниясы акцияларының құны 18,2 пайызға төмендеп, АҚШ биржасында ең үлкен шығынға батты.
АҚШ басшылары осы уақытқа дейін коронавирустан 38 адамның көз жұмғанын растады.