Қытай АҚШ армиясын коронавирус таратты деп айыптады
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ армиясын бұл елде коронавирусты таратумен айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Чжао Лицзянь бейсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «Уханьге коронавирусты АҚШ әскерилері әкелді деген болжамдар бар»,- деп жазды. Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-ты қоғамдық пікір үшін өз мәліметтерін толық жариялауды шақырды. Ол АҚШ-та анықтылық жоқ деп тауып: «Вашингтон Бейжінге түсініктеме беруі керек»,- деді. Сондай-ақ, Чжао Лицзянь: «Коронавирус АҚШ-та қашан басталды? Қанша адам бұл ауруға шалдықты? Оларды қай ауруханаларда жатқызды?»- деген сұрақтар қойды. Бұдан бұрын да Қытай ақпарат құралдары АҚШ-тың коронавирусты Ухань қаласында тарату туралы хабарлаған болатын. Енді Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ресми түрде Вашингтонды бұл мәселеге қатысты деп айыптады.
Ресми түрде COVID-19 деп аталған вирус басында Қытайдың ухань қаласында табылды. Осы кезде бұл вирус 120-дан астам мемлекетте таралды. Соңғы мәліметтер бойынша әлемде бұл вирусқа 120000-нан астам адам шалдығып, олардың 4300-ден астамы қаза тапты.