Трамп ұлттық төтенше жағдай жариялады
АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні бұл елде коронавирустың таралуына байланысты ұлттық төтенше жағдай жариялады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Трамп ұлттық төтенше жағдай жариялап, бұл елдегі коронавирустың таралуымен күресу үшін 50 миллиард доллар бөлеуін хабарлады. АҚШ Президенті ауруханаларды төтенше дайындық бағдарламаларын белсенді етуге шақырды. Трамп сондай-ақ АҚШ Денсаулық сақтау министрі Алекс Азарға кеңейтілген құқылар беріп: «Ол осы кезде кейбір құқылық баптарға немқұрайдылық танытып, дәрігерлер мен ауруханаларға коронавируспен күресу үшін көбірек әрекеттену мүмкіндікті бере алады»,- деді. Осы кезде АҚШ-та коронавирусқа шалдыққан 41 адам өлді. АҚШ ақпарат құралдарының жариялаған мәліметінше, бұл елде коронавирусқа шалдыққандардың саны 2000 адамға жетті.