Рухани: Коронавируспен күресу үшін аймақ және халықаралық деңгейде үйлескен шаралар атқару керек
(last modified Sun, 15 Mar 2020 12:11:18 GMT )
Нау 15, 2020 18:11 Asia/Almaty
  • Рухани: Коронавируспен күресу үшін аймақ және халықаралық деңгейде үйлескен шаралар атқару керек

ИИР Президенті коронавируспен күресуге барлық елдердің қатысуымен қатар, АҚШ-тың зұлым санкцияларын жою және көршілес елдер арасында ортақ медициналық протоколдар дайындау қажеттігін айтты.

Хасан Рухани бірнеше елдің басшыларына хат жолдап, коронавирустың жаһандық эпидемияға айналғанына тоқталып: «Иран бұл жағдайда ауыр кедергілер мен шектеулерге ұшырап отыр. Бұл шектеулер АҚШ үкіметінің 2 жыл бойы Иранға салған заңсыз санкциялары, барынша қысым саясаты мен жүйелі түрде жасаған бүлдіргі әрекеттері салдарынан туындады»,-деді.

Рухани ешбір елдің бұл дағдарыстан жалғыз шыға алмайтынын айтып: «АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялар салуы және көптеген шетелдік азаматтар мен компаниялардың оларды ұстануы БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің қарарына қайшы заңсыз әрекет қана емес, ақлақ пен адамгершілікке қарсы іс»,-деп еске салды.

Иран Президенті коронавирусты жеңудің халықаралық міндет екенін айтып: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары аясында барлық елдер өз міндеттемелерін орындап, АҚШ-тың Иран халқына қарсы заңсыз санкцияларын әсерсіз қалдырып, АҚШ-тың экономикалық терроризмімен күресу үшін тиісті шаралар атқаруы қажет»,-деді.