Еуропада коронавирустан 2 мыңнан аса адам көз жұмды
Статистикалық мәлімет бойынша, коронавирус осы күнге дейін Еуропада 2 мыңнан аса адамның көз жұмуына себеп болды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуропа елдерінің медициналық қызметтері: «Еуропа құрлығындағы коронавирус жұқтырған адамдар саны 47 мыңға жетсе, көз жұмғандар саны екі мыңнан асты»,-деді.
Еуропа елдері медициналық қызметтерінің айтуынша, Испанияда 297 адам, Франция 127 адам, Ұлыбританияда 34 адам, Нидерландыда 20 адам коронавирустан қаза тапты. Еуропада коронавирус құрбандарының саны екі мыңнан асты.
Италия басшылары да коронавирустан 1809 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Ресей ақпарат құралдары Мәскеуде коронавирустың алдын алу үшін мыңға тарта адамның карантинге жатқызылғанын айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропаны коронавирустың жаңа ошағы деп атады.