Зариф: Коронавирус әлем халықтарына АҚШ-тың зұлым санкцияларының болмысын әшкерелеп берді
(last modified Thu, 19 Mar 2020 11:33:30 GMT )
Нау 19, 2020 17:33 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі коронавирустың әлем халықтарына АҚШ-тың зұлым санкцияларының болмысын әшкерелеп бергенін айтып: «Ирандықтардың денсаулығын нысанаға алу басынан-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен экономикалық терроризмінің басты өзегі болды»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Наурыз мерекесінің қарсаңында Иран халқы мен осы мерекені тойлайтын барша жұртқа бейнежолдау жасап: «Бір халық дәрі-дәрмек, азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмектерден мақрұм қалдырылғанда басқа елдермен салыстырғанда теңсіз әрі әлсіз жағдайға түседі»,-деді.

Зариф санкциялармен күресу үшін өз-өзін шектеудің барлық түрлерімен қоштасып, дипломатияның жаңа ғасырына аяқ басуы керектігін айтып: «Иран халқының коронавируспен күресі қысқа уақыттың ішінде елі іші мен сыртындағы ирандықтар арасында шекараны жойды»,-деді.

Зариф АҚШ-тың санкцияларды күшейту арқылы Иранды ақырында қоқан-лоққылар мен қиындықтар мұхиты ортасында қалған бір аралға айналдырғысы келетінін айтып: «Иран қайта қасқая тұрып, санкция зынданының құлпын сындырады»,-деді.