Трамп коронавирусты тағы да «Қытай вирусы» деп атады
АҚШ Президенті Қытай басшыларын коронавирустың осы елден таралғаны үшін сынап, оны тағы да «Қытай вирусы» деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп сәрсенбі күні COVID-19-ды «Қытай вирусы» деп атағанын растады.
Трамп бұл вирустың басқа елдерге Қытайдан таралғанына байланысты «Қытай вирусы» деген тіркесті қолданғанын айтты.
АҚШ Президенті Қытай басшыларынан «Америкалық сарбаздар коронавирусты Қытайға әкелді» деген уәждерін қайталаудан бас тартуын сұрады.
Трамп Қытайға қарсы сауда тарифтерін тоқтатуға ешқандай себеп жоқтығын айтты.
Трамп коронавирустың АҚШ-та таралады деп ойламағанын айтып, елдегі жағдайдың ауыр екенін мойындады.
Трамп Вашингтон үкіметінің коронавируспен күресуге бар күшін салатынына және өзі «Ұлттық өндіріс» заңына қол қоятынына уәде берді.
Вирджиния штатында коронавирус жұқтыру жайты тіркелген соң АҚШ-тың 50 штатында вирустың пайда болғаны расталды. Вирустан көз жұмғандардың саны 150-ге жетті.