АҚШ-та 12 аптаға демалыс жарияланды
Нау 23, 2020 17:17 Asia/Almaty
АҚШ Қаржы министрлігі коронавирустың таралуының алдын алу үшін 10-12 аптаға демалыс жарияланғанын хабарлады.
Стивен Мнучин жексенбі күні Fox News ақпарат арнасына берген сұхбатында бұл хабарды жариялап, Конгрестің АҚШ экономикасына көмек ретінде 1 трлн. доллар көмек бөлу жобаны бекітетініне үміттенді. Мнучин әр америкалық отбасыға 3000 доллар төлеу уәде берді. Мнучинның уәделеріне қарамастан америкалық Trout Out агенттігі АҚШ-та 28 миллион адамның сақтандыру қызметімен қамтылмағанын және коронавирустың апатты таралуын мәлімдеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, осы кезде АҚШ-та 33500-ден астам адам коронавирусқа шалдығып, олардың ішінде 419 адам өлімге ұшырады.
Тегтер