Трамптың рецепті бір американдықтың өліміне себеп болды
(last modified Tue, 24 Mar 2020 10:09:20 GMT )
Нау 24, 2020 16:09 Asia/Almaty
  • Трамптың рецепті бір американдықтың өліміне себеп болды

Бір американдық коронавирустың емі үшін АҚШ Президенті ұсынған дәріні ішіп, қайтыс болды.

 

CNN арнасының мәліметінше, Аризона штатындағы Фуникс аймағындағы Вanner health дәрмен орталығы сейсенбіде: «60 жастағы ерлі-зайыптылар коронавирустың емі үшін хлорохинфосфат препаратын қолданып, отбасының ері өліп, әйелі нашар жағдайда. Бұл препаратты АҚШ Президенті Дональд Трамп COVID-19 емдеу үшін ұсынған, бірақ бұл дәрі көбінде аквариумды тазарту үшін қолданылады»,- деп жариялады.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы бұл препаратты безгек,   тері туберкулезі  және ревматоидты артритке қолдануды мақұлдады.

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандардың саны 41000-нан асты және осы уақытқа дейін 573 науқас қайтыс болды.